Cемей-0°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
450.69 505.04 5.45

Берік Уәли «Елімай» жанкүйерлерінің өтінішіне жауап берді

15-06-2026, 10:27 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысының әкімі Берік Уәли жергілікті «Елімай» футбол клубының жанкүйерлерінен келіп түскен көптеген өтініш-тілектерді назарға алды.

Өңір басшысы өз әлеуметтік желідегі парақшасында көтерілген мәселелердің мән-жайы жан-жақты зерделеніп, әділдік пен ашықтық қағидаттарының сақталуы үшін тиісті жұмыстар жүргізілетінін мәлімдеді.

Осы мәселеге байланысты облыс әкімі Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаровпен сөйлескен. Федерация басшысы барлық жайттың мұқият қаралатынын, арнайы комиссия құрылып, мәселе соңына дейін жеткізілетінін жеткізген.

Берік Уәли әділеттілік жолындағы ұстаным өзгермейтінін атап өтіп, аталған мәселені жеке бақылауында ұстайтынын мәлімдеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив