Cемей25°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
456.88 534.64 5.47

Олжас Бектенов экономиканың өсімін қамтамасыз ету мәселесі бойынша кеңес өткізді

15-06-2026, 15:50 Думан Кенжеғазыұлы

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының әртараптандыруға баса назар аудара отырып, экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз ету туралы тапсырмаларын орындау мәселесі бойынша кеңес өткізді.

Онда экономика салаларын дамытудың ағымдағы көрсеткіштері қаралды. Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, көлік министрі Нұрлан Сауранбаев, энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев, ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, қаржы министрі Мәди Такиевтің баяндамалары тыңдалды.

Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, бес айдың қорытындысы бойынша экономиканың өсуі 3,7%-ды құраған. Өңдеу өнеркәсібінде өсім – 9%. Машина жасауда өндіріс көлемі 22,2%-ға ұлғайды. Қаңтар-мамыр айларында елімізде 81 мыңнан астам автокөлік құралдары жасалды. Өсім химия өнеркәсібінде 17,8%-ға және құрылыс материалдары өндірісінде 18,7%-ға қамтамасыз етілді. Ауыл шаруашылығында нақты көлем индексі 103,6% болды. Отын-энергетика кешеніне де назар аударылды. 

Премьер-министр инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, жаңа өндірістерді уақтылы іске қосу және қолда бар өсу резервтерін тиімді пайдалану жөніндегі жұмысты күшейту қажеттігін атап өтті. Министрлерге қажетті өсу қарқынына қол жеткізу үшін барлық шараларды қабылдау тапсырылды. Олжас Бектенов жарты жылдың қорытындысы бойынша нақты көлем индексінің жоспарлы көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының дербес жауапкершілігін бекітті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив