Cемей25°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
456.88 534.64 5.47

Қазақстан мен Қытай атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде

16-06-2026, 16:41 Думан Кенжеғазыұлы

2026 жылғы 16 маусымда Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік энергетика істері басқармасының басшысы Ван Хунчжи мырзаның Қазақстан Республикасына сапары аясында Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев пен Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік энергетика істері басқармасының басшысы Ван Хунчжи мырзаның тең төрағалығымен азаматтық ядролық энергетика саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан–Қытай бірлескен жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті.

Тараптар атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылап, осы бағыттағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бейілділіктерін растады.

Серіктестікті одан әрі тереңдетуге бағытталған үйлестіруді күшейту мен практикалық өзара іс-қимылды кеңейтудің маңыздылығы атап өтілді.

Отырыс қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтар көрініс тапқан және атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастықтың алдағы бағыттары айқындалған хаттамаға қол қойылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив