Cемей31°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
489.39 567.5 6.69

Семейдегі 5 мектепте «Самұрық-Қазына» қорының қолдауымен инклюзия кабинеттері ашылады

Бүгін, 10:54 Думан Кенжеғазыұлы

Семей қаласында ерекше білім беру қажеттілігі бар шамамен 300 балаға қолдау көрсетілмек. Бұл – қаладағы осы санаттағы балалардың 25 пайызға жуығы. Арнайы инклюзия кабинеттері №3, №13, №17, №20 және №47 жалпы білім беретін мектептерде ашылады. Осы аптада аталған білім ошақтарында жөндеу және қайта жабдықтау жұмыстары басталды.

Жаңа білім беру кеңістігі Samruk-Kazyna Trust қоры мен инклюзивті білім беру саласының мамандары әзірлеген жаңартылған тұжырымдама негізінде ұйымдастырылады. Кабинеттер ашық кеңістік (open space) форматында жасақталып, дефектолог, логопед және психолог мамандарға арналған арнайы аймақтарды қамтиды. Сондай-ақ, балалардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін қыш шеберханасы ашылады.

Бұдан бөлек заманауи спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген емдік дене шынықтыру кабинеті жұмыс істейді. Әр кабинеттің аумағы кемінде 60 шаршы метр болады. Сонымен қатар бір жыл ішінде педагогтер мен бейінді мамандар арнайы оқытудан өтіп, кәсіби біліктілігін арттырады.

Қазіргі таңда «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының атынан еліміздегі бірыңғай қайырымдылық операторы арқылы 31 инклюзияны қолдау кабинеті жұмыс істеп тұр.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив