Cемей32°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
488.37 559.77 6.64

Фитосанитариялық талаптардың сақталмауына байланысты 6 тонна жаңа піскен қияр Ресей Федерациясына кері қайтарылды

19-06-2026, 11:43 018.kz

Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті (МИК) мемлекеттік шекара арқылы карантиндік өнімдерді тасымалдау кезінде карантиндік қауіпсіздікті қамтамасыз ету және фитосанитариялық талаптардың сақталуын бақылау жұмыстарын жалғастыруда.

Карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау барысында жалпы көлемі 6 тонна болатын жаңа піскен қияр Ресей Федерациясына кері қайтарылды.

Аталған шараны қабылдауға карантиндік өнімнің фитосанитариялық бақылау мен қадағалаудан заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес өткізілмеуі негіз болды.

Министрлік фитосанитариялық талаптарды сақтау елдің карантиндік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің, карантиндік объектілердің әкелінуі мен таралуының алдын алудың, сондай-ақ отандық агроөнеркәсіптік кешенді қорғаудың міндетті талабы екенін еске салады.

Осы ретте сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар өсімдіктер карантині саласында заңнама талаптарын қатаң сақтап, белгіленген бақылау рәсімдерінен уақтылы өтуді қамтамасыз етуі қажет.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив