Cемей30°С
Ауа-райы
  • Абай28°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
486.19 554.26 6.51

Облыс әкімі мүсінші Қазытай Нарысовпен кездесті

Кеше, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін аймақ басшысы Берік Уәли белгілі мүсінші, сәулетші, монументалды өнер саласының көрнекті өкілі Қазытай Нарысовпен кездесті.

Қазытай Сыздықұлы – Қазақстанның тарихи тұлғаларына арналған көптеген ескерткіштердің авторы. Оның шығармашылық еңбектері еліміздің әр өңірінде орнатылып, ұлттық мәдени мұраны дәріптеуге және тарихи сананы қалыптастыруға қызмет етіп келеді.

Белгілі мүсінші Абай облысындағы бірқатар монументалды өнер туындыларының авторы ретінде танымал. Оның ең белгілі еңбектерінің бірі – ұлы ойшыл, ақын Шәкәрім Құдайбердіұлына арналған ескерткіш. Сәулетші Шотаман Уәлихановпен бірлесіп жасалған бұл монумент Семей қаласының Орталық саябағында орналасқан.

Кездесу барысында мүсінші өңірдің, оның ішінде Семей қаласының сәулеттік келбетін жақсарту бойынша ұсыныс-пікірлерін жеткізді.

Облыс әкімі мүсіншінің ұлттық өнерді дамытуға қосқан үлесін атап өтіп, шығармашылық еңбегіне табыс тіледі. Кездесуде айтылған ұсыныстар мен бастамалардың назарға алынатынын атап өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив