Абай облысының білім басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Абай облысы білім басқармасының басшысы лауазымына Құрманова Айжан Абзалиқызы тағайындалды.
Айжан Абзалиқызы 1970 жылы 15 тамызда Семей қаласында дүниеге келген. 1999 жылы Шәкәрім атындағы Семей педагогикалық институтын тарих пәні мұғалімі мамандығы бойыншы бітірген.
Еңбек жолын 1989 жылы Семей қаласындағы №34 орта мектепте бастауыш мұғалімі ретінде бастап, 2024 жылға дейін білім саласында түрлі қызметтер атқарды. Семей қаласы № 41 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі, Семеновка орта мектебінің тарих және құқық мұғалімі, Евразия гуманитарлық колледжі қоғамдық заң тәртібінің оқытушысы, директордың оқу әдістемелік жөніндегі орынбасары, Озерка ЖОББм директорының оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Семей қаласы білім бөлімінің әдістемелік кабинет әдіскері, Қазақ инновациялық гуманитарлық - заң университеті ғылым бөлімінің маманы, Семей медицина университеті симуляциялық технологиялар кафедрасының маманы, Семей қаласындағы № 7 мектеп- лицей директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Абай облысы білім басқармасының тұлғаны рухани-адамгершілік дамыту, тәрбие жұмысы және қосымша білім беру бөлімі басшысы лауазымында болған. Жалпы еңбек өтілі - 37 жыл.
Бұл лауазымға дейін басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарған.