Cемей-8°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Субконтрактілер биржасы аясында 1,9 млрд теңгеден асатын ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қойылды

13-05-2023, 12:26 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстандағы мыс өндіретін ірі компаниялардың бірі «KAZ Minerals» тобы ментау-кен байыту жабдықтарына арналған резеңке-техникалық бұйымдар шығаратын «ПК ДАРС»ЖШС алдағы уақытта резеңке-металл футеровкаларын жеткізу бойынша 1,9 млрд теңгеден асатын өзара ұзақ мерзімді шартқа қол қойды.

Аталмыш құжатқа өңдеу өнеркәсібі апталығы аясында «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ ұйымдастыруымен өткен алтыншы субконтрактілер биржасы алаңында қол қойылды.

Іс-шараға ірі отандық жер қойнауын пайдаланушы компаниялардың өкілдері қатысты. Атап айтқанда, «Қазмырыш», «ERG компанияларының Еуразиялық тобы», «АрселорМиттал Теміртау», «KAZ Minerals», «Қазақмыс корпорациясы», «Қазатомөнеркәсіп «ҰАК», «Самұрық-Қазына Келісімшарт», «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг», «Теңізшевройл», сондай-ақ 60-тан астам өзге деотандық тауар өндірушілер қатысты.

Биржаның пленарлық отырысын ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Өнеркәсіптік инфрақұрылымды және елішілік құндылықты дамыту департаментінің директоры Нұрлан Кеңесов ашты. Н.Кеңесов өз сөзінде коммуникацияларды жолға қою және сарапшылар мен бизнес-қоғамдастық өкілдерінің пікір алмасуы үшін өткізіліп отырған субконтрактілер биржасының маңыздылығына тоқталып өтті.

«QazIndustr Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ Басқарма Төрағасы Берік Бекенов өз сөзінде Субконтрактілер биржасы отандық өнеркәсіптің бірқатар мәселелерін шешуге мүмкіндік беретінін алға тартты. Сондай-ақ биржаның кәсіпорындар үшін қажетті ақпарат алу және байланыстарды кеңейту мәселелеріндегі маңызды оқиғаға айналғанын айтты.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес біздің алдымызда ірі кәсіпорындардың айналасында шағын және орта бизнес белдеуін құру, шағын және орта бизнесті қолдау және елішілік құндылықты дамыту міндеттері тұр. Кәсіпорындарға жаңа жеткізушілерді табуға көмектесу және ұзақ мерзімді келісімшарттар мен офтейк келісімшарттарын жасау осы міндеттерді шешудің негізгі құралдарының бірі болып табылады», - деді Б.Бекенов.

Кездесу барысында QazIndustry сарапшылары бизнесті мемлекеттік ынталандыру және кәсіпорындардың өз өнімдерін ішкі нарыққа жылжытуға және еңбек өнімділігін арттыруға жұмсаған шығындарының бір бөлігін өтеу мүмкіндігі туралы айтып берді.

Өз кезегінде компания өкілдері осы бағыттағы QazIndustry-мен жұмыс тәжірибелерімен бөлісті. Мысалы, мемлекеттік ынталандыру шараларын отандық ауыр өнеркәсіп флагмандарының бірі  Қарағанды құю-машина жасау зауыты пайдаланды. Кәсіпорын айына 500 тоннадан астам өнім шығарады.

«QazIndustry біздің өндірісті ұйымдастырудың тиімділігін арттыруға жұмсалғаншығындарымызды өтеді. Бұл өндіріс процесін мүмкіндігінше жеңілдетіп, көрсеткіштеріміздің өсуіне оң әсер етті. Өтінім беру процесі мен шығындарды өтеу уақытының қысқартылғанын да ерекше атап өткім келеді», - деп KLMZ коммерциялық директоры Светлана Алексеева өз ойымен бөлісті.

Дәстүр бойынша биржаны тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді өндіру және жеткізу мәселелері бойынша кооперациялық байланыстар орнату үшін тапсырыс берушілер мен жеткізушілер арасындағы B2B кездесулері қорытындылады. Сарапшылар атап өткендей, мұндай форматтағы кездесулер жергілікті қамту үлесін арттыруға және тұтастай қазақстандық бизнесті дамытуға жәрдемдеседі. Шағын және орта бизнес өкілдері тапсырыс берушілермен кездесіп, одан әрі ынтымақтастық туралы келісті.

Айта кетейік, соңғы бес жыл ішінде субконтрактілер биржасы өзін әлеуетті тапсырыс берушілер мен жеткізушілердің өзара іс-қимылының тиімді құралы ретінде көрсетті. Биржа алаңында 12 кооперациялық келісім, ынтымақтастық туралы бес меморандум, жалпы сомасы 19,8 млрд теңгеге төрт келісімшарт және 6,1 млрд теңгеге екі ұзақ мерзімді шарттар жасалды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив