Cемей3°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
526.02 607.55 6.5

Семей қаласында «Отбасы ағашы» акциясы өтті

15-05-2023, 18:34 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін Халықаралық Отбасы күні аясында «Семей қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ бастамасымен және «Отбасы орталығы» ҚҚ қолдауымен, 15 мамыр - Халықаралық отбасы күні қарсаңында «Отбасы ағашы» акциясы өткізілді.

Ағаш отырғызу іс-шарасына ардагерлер, көпбалалы аналар, жастар, үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері қатысып, 10-нан аса ағаш отырғызды.

Акцияның мақсаты - отбасылық дәстүрлерді нығайту, отбасылық құндылықтардың маңыздылығын насихаттау, отбасы мәртебесін арттыру.

«Бүгін Халықаралық отбасы күні аясында ағаш отырғыздық. Осы шара арқылы біз қала тұрғындарын «отбасы ағашын» отырғызып, отбасылық қарым-қатынастарды жақсартуға, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға шақырамыз. Акцияға қатысқан барлық қатысушыларға алғысымды білдіремін» - деп атап өтті Семей қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы О. Соғымбай.

Айта кетейік, бүгін, 15 мамырда отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған «Мерейлі отбасы - 2023» ұлттық конкурсы басталды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив