Cемей37°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
465.74 537.23 5.62

Семейде жаңа автокөлік көпірінің құрылысы қарқынды жүруде

Бүгін, 12:46 Думан Кенжеғазыұлы

Семей қаласында жаңа автокөлік көпірінің құрылысы қызу жалғасып жатыр. Жоба қала аудандары арасындағы көлік қатынасын жақсартуға, қолданыстағы өткелдерге түсетін жүктемені азайтуға және қаланың көлік қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

Бүгінде көпірдің тоғыз тірегінің сегізі тұрғызылды. Нысанда аралық құрылыстың блоктары мен ортотропты плиталарын монтаждау, сондай-ақ ұзыннан және көлденең бағыттағы түйіспелерді дәнекерлеу жұмыстары жүргізілуде. Жоба бойынша көзделген 9 020 тонна металл конструкцияның 6 031 тоннасы монтаждалды.

Автомобиль жолына арналған кірме жолдарды салу жұмыстары да жалғасуда. Шәкәрім көшесінде ірі түйіршікті асфальтбетон қоспасын төсеу аяқталды. Тәңірбергенов көшесінде жер жұмыстары және инженерлік желілерді қайта орналастыру жұмыстары жүргізілуде. Тіректердің біреуінде шпунтты қоршау орнату үшін бұрғылау жұмыстары орындалуда.

Көпір құрылысының жалпы ұзындығы 1 350 метрді құрайды. Оның ішінде 540 метр — автомобиль жолына арналған кірме жолдар, 810 метр — аралық құрылыс. Көпірдің ені 23 метр болады. Жоба бойынша тоғыз тірек салу көзделген.

Нысанда белгіленген мерзімдердің сақталуына және дәнекерлеу мен монтаждау жұмыстарының сапасына ерекше көңіл бөлінуде. Мердігер ұйымға құрылысты бекітілген кестеге сәйкес аяқтауды қамтамасыз ету тапсырылды. Жобаны 2026 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Құрылыс аяқталғаннан кейін көпір қала аудандары арасындағы көлік қатынасын, оның ішінде жүк көліктері үшін де жақсарып, қолданыстағы өткелдерге түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив