Cемей29°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
461.39 534.75 5.45

Қазақстанда 2026 жылға жоспарланған 10 ЖЭК жобасының 7-еуі іске қосылды

Бүгін, 13:10 018.kz

Энергетика министрлігі жаңартылатын энергия көздерін дамыту бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда.

Биыл елімізде жалпы қуаты 245 МВт болатын жаңартылатын энергия көздерінің 10 нысанын пайдалануға беру жоспарланған. Бүгінгі таңда 212 МВт болатын 7 нысан пайдалануға берілді.

Пайдалануға берілген нысандардың қатарында:

* Қостанай облысында қуаты 50 МВт «Aspan Energo» ЖШС жел электр станциясы;
* Маңғыстау облысында қуаты 20 МВт «Stellar Energy» ЖШС күн электр станциясы;
* Қостанай облысында қуаты 22,6 МВт «Altyn Solar Energy» ЖШС күн электр станциясы;
* Жетісу облысында қуаты 20 МВт «Jetisu Terra Power» ЖШС күн электр станциясы;
* Қарағанды облысында жалпы қуаты 100 МВт болатын «Гиперборея» ЖШС-нің үш жел электр станциясы бар.

Ағымдағы жылдың соңына дейін Қызылорда облысында қуаты 30 МВт «Альхена» ЖШС-нің екі күн электр станциясы жобасын, сондай-ақ Түркістан облысында қуаты 3,2 МВт «Тауэнерго» ЖШС-нің шағын гидроэлектр станциясын салуды аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда.

ЖЭК жобаларын іске асыру еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға, инвестициялар тартуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және Қазақстанның энергия теңгеріміндегі экологиялық таза генерация үлесін арттыруға ықпал етеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив