Cемей9°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
452.59 507.67 5.48

Қазақстандықтарды сапалы ауызсумен қамтамасыз ету қарқыны соңғы үш жылда бірнеше есе артты

20-08-2026, 10:09 018.kz

Қазақстанда Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылғаннан бері халықты сапалы ауызсумен қамтамасыз ету жұмыстарының қарқыны артты.

2021-2023 жылдар аралығында Су шаруашылығы комитеті топтық су құбырларын салу және реконструкциялау бойынша 6 жобаны аяқтаса, 2024-2025 жылдары бұл көрсеткіш 18 жобаға жетті.

Нәтижесінде 317 елді мекеннің сумен жабдықталуы жақсарды. Бұл елді мекендерде 713 мың адам тұрады. Оның ішінде 71 ауылдық елді мекендегі 115 мың тұрғын алғаш рет орталықтандырылған су жүйесіне қосылу мүмкіндігіне ие болды.

«Министрлік құрылғаннан кейін топтық су құбырларын салу және реконструкциялау, сондай-ақ елді мекендерді ауызсумен қамтамасыз ету саласындағы мәселелерді шешу жұмыстары айтарлықтай жеделдетілді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр. Қазіргі уақытта 145 елді мекенді немесе 457,7 мың адамды қамтитын 14 жоба жүзеге асырылып жатыр», - деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Жандос Сәлімов.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив