Cемей13°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
441.77 502.38 5.23

Мемлекет басшысы Түрікменстан басшыларын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

27-09-2026, 10:09 Думан Кенжеғазыұлы

Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай Президент Сердар Бердімұхамедовке және Түрікменстан халқының ұлттық көшбасшысы, Халк Маслахатының төрағасы, Аркадаг Гурбангулы Бердімұхамедовке құттықтау жеделхатын жолдады.

Мемлекет басшысы бауырлас Түрікменстан бұл мерейлі межені беделді, дамыған мемлекет ретінде қарсы алып отырғанын, осынау жетістіктердің түп негізінде түрікмен халқының ынтымақ-бірлігі, бай мәдениеті мен жасампаз рухы жатқанын атап өтті.

– Тәуелсіздік алған сәттен бері елдеріңіз әлеуметтік-экономикалық жаңғыруда, халықтың әл-ауқатын арттыруда таңғаларлық табысқа қол жеткізді. Өзінің бейтарап ұстанымынан айнымаған мемлекет ретінде халықаралық позициясын күшейтті. Қазақстан Түрікменстанмен достық қатынасын ерекше бағалайды, тату көршілік және өзара қолдау сипатындағы сан қырлы серіктестікті нығайтуға айрықша мән береді, – деп жазылған жеделхатта.

Қазақстан Президенті Түрікменстан басшылығының мемлекет мүддесі жолындағы қызметіне толайым табыс, ал бауырлас түрікмен халқына бақ-береке тіледі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив