Cемей-1°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
447.52 502.21 5.41

Николай Ушаков: «Туған жерге адал қызмет ету – азаматтық парызым»

Бүгін, 10:09

«Әділет» партиясының атынан Абай облыстық мәслихатының депутаттығына №7 бірмандатты сайлау округі бойынша кандидат ретінде тіркелген Николай Ушаков өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып, тұрғындарды толғандырған өзекті мәселелердің шешілуіне атсалысуды басты мақсат етіп отыр.

Кандидаттың айтуынша, Абай облысы – даму әлеуеті жоғары, болашағынан үлкен үміт күттіретін аймақ. Соңғы жылдары өңірде жүзеге асырылып жатқан ауқымды өзгерістер мен бастамалар елді мекендердің өркендеуіне және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға жаңа мүмкіндіктер ашуда. Ендігі міндет – осы жұмыстардың жүйелі жалғасуына ықпал етіп, әрбір қала мен ауылдың дамуына жағдай жасау.

Николай Ушаков алдағы уақытта бірнеше маңызды бағытқа басымдық беруді көздейді. Атап айтқанда, жол және инженерлік инфрақұрылымды жақсарту, білім беру мен денсаулық сақтау салаларын дамыту, кәсіпкерлікті қолдау, жастарға жаңа мүмкіндіктер ұсыну және ауылдық елді мекендердің әлеуетін арттыру мәселелеріне ерекше назар аудармақ.

Сонымен қатар кандидат халық пен билік арасындағы байланысты нығайтып, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін ескерудің маңыздылығын атап өтті. Оның пікірінше, өңірді дамытуға бағытталған кез келген бастама халықтың нақты сұранысына негізделуі тиіс.

«Мен үшін халықтың сенімі – ең үлкен жауапкершілік. Ал туған жерге адал қызмет ету – азаматтық парызым. Әрбір тұрғынның пікіріне құлақ асып, ел игілігіне бағытталған бастамаларды қолдауға және халық пен билік арасындағы ашық әрі нәтижелі байланысты нығайтуға күш салуға дайынмын», – дейді Николай Ушаков.

Кандидаттың негізгі ұстанымы – тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға, өңірдің даму қарқынын күшейтуге және ел мүддесіне қызмет ететін бастамаларды қолдауға бағытталған жұмыс жүргізу.

*№7 бірмандатты сайлау округі бойынша Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Николай Ушаковтың сайлау қорынан төленді


Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив