«Respublica» партиясының Абай облыстық сайлауалды штабы «DN MEBEL» ЖШС еңбек ұжымымен кездесу өткізді.
Өңірдің дамуы әр саланың тыныс-тіршілігімен, еңбек адамдарының күнделікті жұмысымен тығыз байланысты. Кездесу барысында мәслихат депутаттығына кандидаттар кәсіпорын қызметкерлеріне партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, алдағы кезеңге арналған негізгі мақсаттары мен басым бағыттарын баяндады.
Әңгіме барысында өндіріс пен кәсіпкерлікті дамыту, еңбек адамының мәртебесін арттыру, жұмыс орындарын сақтау және өңірдің экономикалық әлеуетін арттыру мәселелері қозғалды. Сонымен қатар еңбек ұжымына партияның сайлауалды бағдарламасы қамтылған ақпараттық брошюралар таратылды.
Мұндай кездесулер партияның сайлауалды бағдарламасын тұрғындарға кеңінен таныстырып, өңірдің болашағына қатысты маңызды бастамаларды жеткізуге мүмкіндік береді. Басты мақсат – нақты ұсыныстар мен жүйелі жұмыстар арқылы Абай облысының дамуына үлес қосу.
«Абай облысы мәслихатының партиялық тізімдер бойынша сайланатын депутаттарының 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған кезектен тыс сайлауында «Respublica» партиясы» қоғамдық бірлестігінің сайлау қоры қаражатынан төленді.