Кандидат Жанар Жунусова ұстаздармен кездесіп, білім саласының өзекті мәселелерін талқылады
№16 бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Жанар Жунусова №23 жалпы білім беретін орта мектептің ұжымымен кездесті.
Жүздесу барысында кандидат сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, білім саласын дамытуға қатысты мәселелерге тоқталды. Атап айтқанда, білім сапасын арттыру, мектеп ғимараттарын жөндеу, материалдық-техникалық базаны нығайту және оқушыларға қолайлы жағдай жасау мәселелері талқыланды.
Кездесу кезінде мектеп ұжымы өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, көкейдегі сауалдарын ортаға салды. Өз кезегінде Жанар Жүнісова ұстаздар қауымын толғандыратын мәселелердің маңыздылығын атап өтті.
*№ 16 бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Жанар Жунусованың сайлау қорынан төленді

