Кандидат Рауиля Бектыбаева сайлауалды кездесулерін жалғастыруда
№7 бірмандатты сайлау округі бойынша депутаттыққа кандидат Рауиля Бектыбаева сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып, «Есіктен есікке» акциясы аясында ауыл тұрғындарымен кездесті.
Кездесу барысында кандидат тұрғындармен ашық әңгімелесіп, олардың ұсыныс-пікірлері мен өзекті мәселелеріне құлақ түрді. Сонымен қатар сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, ауыл тұрғындарын толғандырған сауалдарға жауап берді.
Тұрғындар өздерін алаңдатқан мәселелерді ортаға салып, алдағы уақытта шешімін табуы тиіс бірқатар ұсыныстарын жеткізді.
Рауиля Бектыбаева халықпен тікелей байланыс орнатудың, тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдап, әрбір пікірді ескерудің маңыздылығына тоқталды.
Елмен етене араласып, халықтың талап-тілегін тыңдау – кандидаттың сайлауалды жұмысының негізгі бағыттарының бірі.
*7 бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша Жаңасемей ауданы мәслихатының депутаттығына кандидат Рауиля Бектыбаеваныңсайлау қорынан төленді




