Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
444.3 490.91 5.41

Кандидат Рауиля Бектыбаева амбулатория ұжымымен кездесті

11-11-2026, 18:47

№7 бірмандатты сайлау округі бойынша депутаттыққа кандидат Рауиля Бектыбаева сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аясында амбулатория қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында медицина саласының өкілдерімен ашық пікір алмасу ұйымдастырылып, денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер талқыланды. Сонымен қатар медицина қызметкерлерінің ұсыныс-тілектері мен кәсіби қызмет барысында кездесетін түйткілдері тыңдалды.

Жиын барысында ел саулығын сақтауда медицина мамандарының еңбегі ерекше екені атап өтілді. Себебі халықтың денсаулығы – қоғамның басты байлығы. Осы ретте денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің мәселелеріне назар аударып, оларды шешу жолдарын қарастырудың маңызы зор.

Рауиля Бектыбаева тұрғындармен және түрлі сала мамандарымен тұрақты байланыс орнатып, олардың ұсыныстарын ескерудің сайлауалды жұмыстағы маңыздылығына тоқталды.

*7 бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша Жаңасемей ауданы мәслихатының депутаттығына кандидат Рауиля Бектыбаеваның сайлау қорынан төленді

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив