Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха-2°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
448.72 493.86 5.49

Заң алдында бәрі тең: жаңа Конституцияның 16-бабы нені көздейді?

Кеше, 10:09

Әділетті қоғам құрудың басты шарттарының бірі – заң алдында барша адамның тең болуы. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында бұл қағида 16-бапта айқын көрініс тапқан. Аталған бап әр адамның құқығын қорғауға және қоғамда кемсітушілікке жол бермеуге бағытталған.

Конституцияның 16-бабы екі негізгі тармақтан тұрады. Бірінші тармақта: «Заң мен сот алдында бәрі тең» деп көрсетілген. Бұл – азаматтың әлеуметтік жағдайына, қызметіне немесе қоғамдағы орнына қарамастан, заң талаптары барлығына бірдей қолданылуы керек деген сөз. Яғни, ешкімнің лауазымы, байлығы немесе беделі оны заң алдындағы жауапкершіліктен босатпайды.

Екінші тармақта Қазақстан азаматтарын, сондай-ақ елімізде тұратын немесе уақытша жүрген шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды кемсітуге тыйым салынған. Атап айтқанда, адамның тегіне, әлеуметтік және лауазымдық жағдайына, мүлкіне, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, діни көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне немесе өзге де себептерге байланысты құқықтарын шектеуге болмайды.

Бұл норма қоғамдағы әрбір адамның қадір-қасиетін құрметтеуге, азаматтардың тең мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге және әділеттілік қағидатын нығайтуға негіз болады.

Мәселен, адамның тұрғылықты жеріне немесе әлеуметтік жағдайына қарап оның құқығын шектеуге ешкімнің құқығы жоқ. Әр азамат мемлекеттік органдарға жүгінуде, сотта өз мүддесін қорғауда және заң аясында өз құқықтарын жүзеге асыруда тең мүмкіндікке ие болуы тиіс.

Жалпы, Конституцияның 16-бабы – жай ғана құқықтық норма емес, әділетті қоғамның маңызды өлшемі. Өйткені заңның үстемдігі әр азаматтың құқығы бірдей қорғалған кезде ғана қамтамасыз етіледі. Ал заң алдындағы теңдік – мемлекет пен қоғам арасындағы сенімнің берік негізі.


Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив