Cемей4°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха-2°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
455.12 498.99 5.55

Кандидат Александр Гнездов №35 мектеп ұжымымен кездесті

21-11-2026, 18:48

№35 орта мектепте облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Александр Владимирович Гнездовпен ресми кездесу ұйымдастырылды.

Кездесу барысында кандидат жиналған қауымға өзі туралы ақпарат беріп, сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырды. Сонымен қатар өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты көзқарастарымен бөлісіп, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Жиын барысында ауданның өзекті мәселелері де талқыланды. Кездесуге қатысушылар өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, ұсыныс-пікірлерін ортаға салуға мүмкіндік алды.

Ашық форматта өткен кездесу тұрғындар мен кандидат арасында пікір алмасуға, өңірдің даму бағыттары жөніндегі ұсыныстарды талқылауға арналды.

*№2 бірмандатты сайлау округі бойынша Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Александр Гнездовтың сайлау қорынан төленді

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив