Cемей4°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха-2°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
455.12 498.99 5.55

Жеке өмір мен дербес деректер Ата Заңмен қорғалады

Кеше, 15:50

Қазіргі цифрлық дәуірде әр адамның жеке өміріне қол сұқпау және жеке мәліметтерінің қауіпсіздігі аса маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының 21-бабы азаматтардың жеке өмірі мен отбасы құпиясын қорғауға бағытталған.

Аталған бапқа сәйкес, әрбір адам жеке өміріне қол сұғылмауына, жеке және отбасы құпиясының сақталуына құқылы. Сонымен қатар дербес деректерді заңсыз жинауға, өңдеуге, сақтауға және пайдалануға жол берілмейді. Бұл талап цифрлық технологияларды қолдану саласына да қатысты.

Сондай-ақ банк операциялары, жеке салымдар мен жинақтар, хат алмасу, телефон арқылы сөйлесу және өзге де байланыс құралдарымен жіберілетін хабарламалардың құпиясы заңмен қорғалады.

Баптың тағы бір маңызды тұсы – мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, лауазымды тұлғалар мен бұқаралық ақпарат құралдары азаматтарға өз құқықтары мен мүдделеріне қатысты құжаттармен және ақпарат көздерімен танысуға мүмкіндік беруге міндетті.

Яғни, 21-бап – әр азаматтың жеке кеңістігін, ақпараттық қауіпсіздігін және ақпаратқа қол жеткізу құқығын қорғаудың конституциялық кепілі. Бұл норма адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғауда маңызды рөл атқарады.


 


Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив