Кандидат Мақсат Алибеков тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады
Семей қаласы мәслихаты депутаттығына №8 сайлау округі бойынша кандидат Мақсат Алибеков Би Боранбай көшесі, 45А мекенжайындағы тұрғындармен кездесті.
Тұрғындар аула жолдарын ретке келтіру, абаттандыру жұмыстарын жүргізу және аумақтың жалпы жағдайын жақсарту жөніндегі ұсыныстарын жеткізді. Олардың айтуынша, осы мәселелер өз шешімін тауып, аула көркейе түссе, тұрғындар үшін үлкен қуаныш болар еді.
Кездесу барысында Мақсат Алибеков аула жағдайымен танысып, тұрғындардың пікірлері мен ұсыныстарын тыңдады. Мұндай кездесулер жергілікті тұрғындардың күнделікті тұрмысындағы өзекті мәселелерді анықтап, оларды шешу жолдарын талқылауға мүмкіндік береді.
*№ 8 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Мақсат Алибековтың сайлау қорынан төленді