Кандидат Азамат Камзанов өз сайлау округінде тұрғындармен кездесті
№19 бірмандаттық сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Азамат Камзанов округ тұрғындарымен кездесу өткізіп, өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырды.
Кездесу барысында кандидат бағдарламасының негізгі бағыттарына тоқталып, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылымды жақсарту, тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру және өзге де өзекті мәселелер жөніндегі жоспарларымен бөлісті.
Сондай-ақ тұрғындармен ашық пікір алмасып, олардың ұсыныс-пікірлері мен талап-тілектерін тыңдады. Кездесуде округ аумағындағы шешімін күткен мәселелер де сөз болды.
Азамат Камзанов тұрғындармен тікелей байланыс орнатудың маңыздылығын атап өтіп, алдағы уақытта да осындай кездесулерді жалғастыратынын жеткізді.
*№19 бірмандаттық сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Азамат Камзановтың сайлау қорынан төленді