Кандидат Арсен Кабдуллин жастарға сайлауалды бағдарламасын таныстырды
№7 бірмандатты сайлау округі бойынша Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Арсен Кабдуллин өңір жастарымен жүздесіп, өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырды.
Ақпараттық жиын барысында кандидат бағдарламаның негізгі бағыттарына тоқталып, жастар саясаты, білім беру, жұмысқа орналасу және жас буынның қоғамдық өмірге белсенді араласуы мәселелерін қозғады.
Сонымен қатар жастардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, өңірді дамытуға қатысты бастамалар талқыланды. Жиын ашық пікір алмасу форматында өтті.
*№7 бірмандатты сайлау округі бойынша Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Арсен Кабдуллиннің сайлау қорынан төленді
Тағыда оқыңыз