Cемей31°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
517.45 598.59 6.58

Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов балалар үйіне барды

1-06-2023, 12:19 Думан Кенжеғазыұлы

Семей қаласының мамандандырылған балалар үйінде қала әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың қатысуымен «Халықаралық балаларды қорғау» күніне арналған шара өтті.

Қала әкімі еліміздің ертеңі болатын жас жеткіншектерге ізгі тілегін жеткізіп, тәрбиешілерге де алғыс  білдіріп, еңбектеріне жеміс тіледі.

«Баршаңызды жадыраған жаздың алғашқы мерекесі – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын! Дана халқымызда «Жерде бір бала қуанса, көкте мың періште шаттанады» деген ұлағатты сөз бар. Құрметті менің жас достарым,  болашақтарыңыз жарқын болсын! Әрқашан жүздеріңізден күлкі кетпесін!» - деді қала әкімі Н. Нұрсағатов.

Іс - шара барысында аниматорлар,  ертегі кейіпкерлері өнер көрсетті. Балалар қонақтарға мерекелік концерттік бағдарламаларын ұсынды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив