Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
538.89 629.53 6.34

Президент «Керуен-Medicus» клиникасының жаңа корпусын аралап көрді

2-06-2023, 09:37 Думан Кенжеғазыұлы

Мемлекет басшысы Алматы қаласына жасаған жұмыс сапары барысында «Керуен-Medicus» клиникасының жұмысымен танысты.

Президент медицина мекемесінің клиникалық-диагностикалық бөлімшесін аралап көрді.

Клиникада ересектер мен балаларға амбулаториялық-емханалық, диагностикалық және стационарлық көмек тек ақылы негізде ғана емес, Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аясында да көрсетіледі. Мекеме 18 мыңнан астам адамға қызмет көрсетеді.

Президент клиника қызметкерлерімен әңгімелесу барысында арнаулы жоғары технологиялық медициналық мекемелер мен орталықтар ашу маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ олардың аса жауапты еңбегіне табыс тіледі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив