Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Облыстың көлік артериялары жөндеуді қажет етеді - Нұрлан Ұранхаев

5-06-2023, 17:30 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысы бірнеше мемлекетті байланыстыратын транзиттік пункт болып табылады. Облыстың көлік дәліздері ұзақ уақыт бойы жүктерді тасымалдау және сауда үшін пайдаланылып келеді. Сондықтан жайлы жолдарды салу –  өңірді дамыту және тұрғындардың әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту үшін маңызды міндет болып табылады.

Көлік инфрақұрылымы саласында 2025 жылы аяқталатын автогуж көпірін қайта құру жобасы іске асырылуда (30,4 млрд теңге). Ағымдағы жылы 7,2 млрд.теңге бөлінді. Жұмыстарды жапон мамандары жүргізеді деп болжануда.

Сонымен қатар, аспалы көпір бойынша жапондық мамандар тексеру жүргізді. ҚАзіргі уақытта көпір құрылымын жөндеуге және жол төсемін жаңартуға қажетті құжаттамаларды дайындау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Сондай-ақ, 2023 жылы жергілікті маңызы бар 235 шақырым жол орташа жөндеумен қамтылады. Бұл мақсаттарға 9,9 млрд. теңге қарастырылған.

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында ағымдағы жылы 3 млрд.теңгеге жалпы ұзындығы 77 км (37 жоба) кенттік жолдар ішінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Бұдан басқа, облыстың автожолдары мен көпірлерін салу және реконструкциялау бойынша 2,7 млрд теңгеге жобалар іске асырылатын болады:

- Семей қаласында «Омбы-Майқапшағай» а/ж-ден «Северный» СЛО-ға дейінгі автожол салу – 900 млн. теңге (жалпы құны – 2,3 млрд. теңге)

- Аягөз қаласы Шәкенов көшесінде көпір салу – 213,7 млрд. теңге;

- Аягөз қаласының Барақ батыр көшесіндегі көпірді қайта жаңарту - 219,1 млрд. теңге.

Нормативтік жағдайдағы жолдардың үлесіне ағымдағы жылдың соңына дейін 90% - ға дейін қол жеткізу жоспарлануда. Жалпы, 2025 жылға қарай 97% - ға дейін жеткізу жоспарлануда.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив