Cемей25°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
461.37 542.16 6.14

Жарма ауданына «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы келді

6-06-2023, 13:25 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссиямен бірге «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы өңірлерге шыққан болатын.

Пойыз 5 маусым күні Абай облысының Жарма ауданына қарасты Шар станциясына келді. Дәрігерлер бригадасы аудан тұрғындарына қабылдау жүргізді. Дәрігерлердің қатары білікті терапевт, хирург, стоматолог, уролог, гинеколог, лор дәрігері, кардиолог сияқты мамандардан жасақталған. Сонымен қатар жармалықтар мұнда заңгерлік - консультациялық және медиаторлық көмек ала алады.

Аталған медициналық пойызды қала тұрғындары ыстық ықыласпен қарсы алды. Сонымен қатар, қазақ эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт ұйымдастырылды.

Әлеуметтік  жобаның мақсаты - Қазақстанның ең шалғай бұрыштарындағы халықтың әртүрлі топтарына жан-жақты медициналық және өзге де көмек көрсету.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив