Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Семейде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған мерекелік іс-шаралар жоғары дәрежеде өтті

4-06-2023, 11:31 Думан Кенжеғазыұлы

Айтулы мерекенің басты шарасы Спартак стадионында өтіп, Мемлекеттік Гимнді бір мезетте орындау бойынша акция ұйымдастырылды. Бұл шараға облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев,қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов және 1000-нан астам халық қатысты. Стадиондағы акциядан бөлек, қаланың 150-ден аса кәсіпкерлік нысандарының өкілдері өз аумақтарында Мемлекеттік Әнұранды шырқады. Сағат 11:00-де Мемлекеттік Әнұранды қала бойынша бір мезетте 5 000-нан астам адам шырқады.
 
Сондай-ақ, бүгін Семей қаласының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен қалалық мәдениет сарайында тұңғыш рет “Семей дауысы” баяқауы өтті. Ақтық мәреге өткен 14 қатысушының ішінен Оразов Айдос оқ бойы озық шығып, бас жүлдені қанжығасына байлады.

Бұдан бөлек, велоспортшылар "Менің туым" акциясын ұйымдастырып, көк байрақты салтанатты түрде көтеріп қаланың орталық көшелерінде шеру өткізді.

Айта кетейік, бүгін Семей қаласының ішкі саясат бөлімінің бастамасымен қала ішіндегі көрнекі ақпарат құралдарындағы QR-код арқылы әрбір қала тұрғыны Мемлекеттік рәміздердер туралы тың ақпараттар алды.

Сондай-ақ, бұл күні қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов семейліктерді рәміздер күнімен құттықтап әлеуметтік желіде жазба қалдырды.

"Ғасырлар бойы бабаларымыз аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізіп, өз алдымызға дербес мемлекет болып қалыптастық. Тағдыр бізге ендігі жерде тек қана тұғыры биік Туымызбен, ел тарихын әлемге танытар Елтаңбамызбен және патриоттық рухты көтеретін Мемлекеттік Әнұранымызбен айбынды да мәңгілік ел болуға жазсын!",- деп жазды Нұрбол Нұрсағатов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив