Cемей24°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
486.47 554.77 6.26

Абай облыстық мәслихат төрағасы Аягөз ауданында

22-06-2023, 11:26 018.kz

Абай облысы мәслихатының төрағасы, «AMANAT» партиясының Абай облыстық филиал төрағасы Қуаныш Сүлейменов Аягөз ауданына сапары барысында тұрғындармен кездесу өткізді. Аудандық Қозы-Көрпеш-Баян сұлу мәдениет үйінде халықтың мұң-мұқтажы мен өтініштері тыңдалды. 

Бұған дейін сайлауалды науқанда тұрғындарды қабылдауда бірқатар мәселелер аталған еді. Бұл ретте облыстық мәслихат төрағасы шешімін тапқан және әлі де жұмыс барысында қаралу деңгейіндегі мәселелер бойынша аудан тұрғындарына мәлімет беріп өтті. 

Кездесу барысында аудан тұрғындары өңірдегі интернет жылдамдығының төмендігі, тестілеу орталығының жоқтығы, елді мекендер арасындағы жолдар мен су мәселесін көтерді. 

Сонымен қатар тұрғындар тарапынан бірқатар ұсыныстар жасалды, атап айтсақ, мектептерді материалдық, оның ішінде интерактивті тақтамен жабдықтау, ауыл шаруашылығын дамыту бойынша субсидияларды арттыру, су бөгетін салу және тағы басқа өзекті мәселелерді шешу жолдары айтылды. 

Барлық сұрақтар назарға алынып, көтерілген мәселелер облыстық мәслихат тұрғысынан құзырлы органдарға жолданып, шешілу жолдары қаралады. 

Сондай-ақ тұрғындармен кездесуден кейін «AMANAT» партиясының Абай облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлім басшысы Болат Омаров жеке мәселелер бойынша азаматтарды қабылдады. 

«AMANAT» партиясының Абай облыстық филиалының баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив