Семейде жас сарбаздармен дін мәселесі жөнінде алдын алу шарасы өткізілді
Абай өңірлік гарнизоны әскери полиция басқармасының қызметкерлері «Өмірді сақта» ведомствоаралық бағдарламасын әске асыру аясында гарнизондағы мерзімді қызметін өтеуге келген әскери қызметкерлермен алдын алу шарасын жүргізді. Нақты шараны өткізуге Абай облысының дін мәселелерін зерттеу мамандары, психиатриялық қызметкері, мешіт имамы және шіркеу қызметкері шақырылды.
Іс шараны жүргізу барысында жаңадан қызметін өтеуге келген сарбаздарға елімізде діни экстремизм мен терроризмге қарсы жүргізіліп жатқан амалдары жеткізілді. Сонымен қатар әскери қызметін өткеру кезінде және де радикалды көзқарастардың әскери бөлім аумағында жол бермеу үшін қолданылатын шаралар мен тойтарыс беру тәсілдері пысықталды, сарбаздарға түсіндірме бейнероликтері көрсетілді.
Шара соңында сарбаздар талқыланған мәселе бойынша өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.
Абай өңірлік гарнизоны баспасөз қызметі