Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
543.24 619.89 6.78

Геологтардың кәсіби мерекесіне орай байқау ұйымдастырылады

6-02-2023, 10:57 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР ИИДМ-нің Геология комитеті «Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ-мен бірлесіп, геологтардың кәсіби мерекесіне байланысты арнайы конкурс өткізеді.

Байқауға БАҚ өкілдерінің, оның ішінде журналистердің, сондай-ақ блогерлер мен конкурстың шарттарын орындаған азаматтардың жұмыстары қабылданады.

Конкурстың талаптары келесідей:

  • байқауға геологиялық тақырыпқа арналған және халық арасында осы саланы кеңінен наситтауға байланысты дайындалған авторлық бейнероликтер, мақалалар, телебағдарламалар немесе радиохабарлар қабылданады;
  • материалдар 2023 жылдың 6 ақпаны мен 25 наурызы аралығында әлеуметтік желілерде немесе жеке блогтарда жариялануы керек;
  • қатысушының сәйкестендіру нөмірін алу үшін материалды немесе сілтемені geocontest@mail.ru электронды поштасына жіберу қажет. (аталған поштаға жіберілмеген материалдар байқауға қатыстырылмайды).

Бірінші орын алған жеңімпазға 100 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық табысталады. Екінші орын алған жүлдегерге 70 мың теңге берілсе, үздік үштікті түйіндейтін қатысушы 50 мың теңге шамасындағы қаржылай жүлдені иеленеді.

Толығырақ:

https://ngs.geology.kz/ru/about-us/news

https://www.gov.kz/memleket/entities/geology?lang=kk

Қосымша ақпаратты geocontest@mail.ru электронды поштасына хабарласып, алуға болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив