Cемей-5°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
494.87 520.65 4.91

Иран Қазақстандағы қайта өңдеу жобаларына инвестиция салуға дайын

28-06-2023, 11:40 Думан Кенжеғазыұлы

Бұл ұсынысты Иранның Ауыл шаруашылығы министрінің сауда және нарықты реттеу жөніндегі орынбасары Алиреза Пейманпак ҚР Премьер-Министрінің орынбасары –  сауда және интеграция министрі Серік Жұманғаринмен кездесуде айтты. Оның айтуынша, ирандық инвесторлар мен өндірушілер дәрі-дәрмек өндірісіне, сүт өнімдерін өндіретін зауыт салуға, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге және т.б. инвестиция салуға дайын. Серік Жұманғарин ирандық әріптестерінің шешімін құптап, барлық ұсыныстарды қазақстандық бизнеске қарауға жіберетінін айтты.

Сондай-ақ тараптар өзара тауар айналымын $3 млрд-қа дейін арттыруға бағытталған жобалардың бірлескен жол картасы жобасын талқылады. Бұл барлық салаларды қамтығанымен, құны шамамен $1 млрд болатын негізгі пул – ауыл шаруашылығы саласындағы жобалар. Қазақстандық АӨК өнімдері ирандық тұтынушы арасында өте танымал. Бүгінде қазақстандық кәсіпорындар отандық өнімді Иран нарығына тұрақты түрде жеткізуде. Иранға экспорттың негізгі тауарлары бидай, арпа, күнбағыс майы, зығыр тұқымы, алюминий және қара металдар болып табылады. Импорттық жеткізілімдер арасында мұнай өнімдері, көкөністер мен жемістер, құрылыс материалдары басым. Қазақстан мен Иран арасындағы тауар айналымы 2022 жылы өткен жылмен салыстырғанда 19,8%-ға ұлғайып, $528 млн құрады.

Серік Жұманғарин мен Алиреза Пейманпактың кездесуі 2023 жылғы 27 маусымда Астанада өткен Қазақстан-Иран бизнес-форумының қорытындысы бойынша өтті. Іскерлік алаң Қазақстан мен Иранның ірі және орта компанияларының 100-ден астам өкілдерін біріктірді. Ауылшаруашылық тауарлары, тамақ өнімдері, туристік қызметтер және инвестициялар бойынша кәсібін дөңгелеткен кәсіпкерлер B2B форматында екіжақты келіссөздер жүргізді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив