Cемей27°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

ҚР ИИДМ өкілдері ресейлік компаниялардың басшыларымен кездесті

12-07-2023, 14:28 Думан Кенжеғазыұлы

Екатеринбургте «Иннопром-2023» халықаралық өнеркәсіп көрмесі жалғасып жатыр

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өкілдері Ресейдің жетекші компаниялары және іскер азаматтарымен екіжақты кездесулер өткізді. Олардың қатарында мұнай саласына арналған машиналарды құрастырумен айналысатын «КОНАР» АҚ, өнеркәсіптің түрлі салаларына резеңкелі-техникалық бұйымдарды өндіретін «Орал эластомерлік бұйымдар зауыты» және тағы да басқалары бар.

Кездесу барысында тараптар екіжақты инвестициялық ахуалға қатысты ақпаратпен алысып, бірлескен жобаларды іске асыру туралы уағдаласты.

Осы арқылы XIII халықаралық өнеркәсіп көрмеде бірнеше маңызды құжатқа қол қойылды. Атап айтқанда, «Сарыарқа АвтоПром» ЖШС, «Эй Джи Си Борский шыны зауыты» АҚ және «Автомобиль өнеркәсібі кластері» машина жасау кәсіпорындары қауымдастығы арасында өзара ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол жеткізілді. Бұл уағдаластық арқылы автомобиль компоненттерін өндіру мен жеткізуді ұйымдастыру көзделген.

Сондай-ақ «Сарыарқа АвтоПром» ЖШС, «УК ДСК-групп» ЖШҚ және «Автомобиль өнеркәсібі кластері» машина жасау кәсіпорындары қауымдастығы арасында ынтымақтастық туралы үшжақты меморандум жасалды. Соған сәйкес Қостанай қаласындағы «Сарыарқа АвтоПром» ЖШС өндіретін автомобильдерге мотор бөлігін шудан оқшаулайтын компоненттер мен автомобиль салонын дыбыстан оқшаулайтын бөлшектерді жеткізу, автокөлік интерьерінің кілем бөлшектерінің компоненттері мен көлік корпусының мөртабан бұйымдары сияқты бөлшектерді өндіру және жеткізуді ұйымдастыру қарастырылған.

Қол қойылған ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумдардың ішінде автомобильдерге арналған пластикалық отын бактарын өндіру мен жеткізуді көздейтін, сондай-ақ арматура шығаратын зауыт құрылысына инвестицияларды тартуды қарастыратын құжаттар да бар.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив