Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
538.89 629.53 6.34

Мәжіліс депутаты Ринат Заитов еңбек ардагерлерімен кездесті

12-07-2023, 17:22 018.kz

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ринат Заитов Абай облысына жұмыс сапары аясында «AMANAT» партиясының облыстық филиалында Абай облысы мен облыс орталығының өзекті мәселелерін талқылау бойынша еңбек ардагерлерімен кездесу өткізді. 

Кездесу барысында ардагерлер облысымыздың дамуына қатысты өз көзқарастары мен ойларымен бөлісті. Халықты толғандыратын өзекті мәселелерді ортаға салып, оларды шешу бойынша бірқатар сындарлы ұсыныстар айтылды. 

Сондай-ақ ел қалаулысы М.Төлебаев атындағы музыкалық училищеде болып, оқу орны мұғалімдері білім орнына қатысты мәселелерді айтып өтті. Атап айтқанда, музыкалық аспаптармен жарақтандыру, концерт залын салу, студенттерге арналған жатақхана салу және шығармашылық адамдар аллеясын ашу мәселелері айтылды. Неғұрлым маңызды жобалар бейінді министрліктер деңгейінде шешілетін болады, қалғандары облыс әкімімен кездесу кезінде талқыланатын болады.

«AMANAT» партиясының Абай облыстық филиалының баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив