Cемей-10°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Приречное ауылындағы мәдениет үйіне қайта жаңарту жүргізілуде

14-07-2023, 09:22 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы мемлекеттік сатып алу туралы шартқа сәйкес Семей қаласының Приречное ауылындағы мәдениет үйін «Ауыл — ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында реконструкциялау бойынша жұмыс жүргізуде. Объектінің кураторлары тұрақты негізде қадағалау жасап, техникалық шешімдер қабылдайды. Жұмыс сапасының қатаң сақталуы техникалық қадағалаумен бақыланады.

Приречное ауылының тұрғындарының бос уақытын қамтамасыз ету қажеттілігіне, сондай-ақ мәдени-ойын-сауық объектілерінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге және ғимараттың физикалық тозуына байланысты мәдениет үйі қайта жаңартылуда. Объектінің жалпы өткізу қабілеті тәулігіне 126 келушіге есептелген.

Мәдениет үйінің құрамында төмендегі үй жайлардың топтары қарастырылған:

- көрермендер кешені (фойе және гардероб);

- қызметтік бөлмесі бар 90 орындық көрермендер залы (грим бөлмесі, тамбур және қойма);

- әмбебап мақсаттағы үйірме-студия тобының бөлмесі;

- әкімшілік және тұрмыстық бөлмелер (дирекция бөлмесі, қабылдау бөлмесі, бухгалтерия бөлмесі, техникалық бөлім, демалуға және тамақтануға арналған бөлме, техникалық персоналға арналған гардероб).

Көрермендер залының түрі - шағын, музыкалық, табиғи акустикасы, дәстүрлі эстрадасы, 90 орындық пен бірінші қатардың алдындағы секторы, 6 мүгедектер арбасына отыруға арналған орын бар. Бейнелер мен фотоматериалдарды көрсету үшін проектор мен экранды орнату көзделеді. Көрермендер үшін креслоларды орнату қарастырылған.

Әмбебап мақсаттағы қызығушылық топтарының сабақтарына арналған (бейнелеу өнері, тоқу және т. б.) үйірме-студиялық бөлмелері бір мезгілде 18 адамға арналған.

Жұмыс процесін жүзеге асыру үшін ғимарат қажетті жабдықтармен және жиһаздармен жабдықталады. Жобалау-сметалық құжаттамада объектіге барлық қажетті инженерлік-коммуникациялық желілерді қосу көзделген. Нысанды пайдалануға беру ағымдағы жылдың қыркүйек айында жоспарлануда.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив