Абай облысының әкімі Бородулиха ауданында есептік кездесу өткізді
Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев Бородулиха ауданының мәдениет үйінде тұрғындармен кездесіп, халық алдында атқарылған жұмыстар, алдағы жоспарлар туралы баяндады.
Бірінші жарты жылдықта облыста 230 милиард теңге инвестиция тартылған. Оның ішінде Бородулиха ауданына 15 милиард теңге тиесілі. Сонымен қатар, облыс әкімі ауылшаруашылық өнеркәсібі туралы да тілге тиек. Бірінші жарты жылдықта ауылшаруашылық саласының ішкі өнімі 22% өсті. Сонымен қатар ірі қара саны артқан.
Облыс басшысы дамудың негізгі бағыттары экологиялық және жағажай туризімін Шүлбі су қоймасында, Үбі, Михайловские және Жерновка көлдерінде дамытудың әлеуеті жоғары екендігін атап өтті.
Облыс әкімі су жүйелерін жаңғырту жұмыстарына да тоқталды.
Ауыл тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету үшін көп қабатты үйлер салынуда. Осы жылдың жарты жылдығында 130 мың шаршы метр баспана, оның ішінде 1 084 шаршы метр Бородулиха ауданында салынды.
Жоспарлы түрде жұмыссыздық мәселесі шешіледі. Бірінші жарты жылдықта 4,8 пайыз болды. Осы жылы 24 926 жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.
Есептік кездесуден кейін облыс әкімі тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдап, тиісті мекемелерге нақты тапсырма берді.