Cемей13°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар12°С
480.5 534.22 5.18

Жарма ауданында Металлургтер күні атап өтілді

17-07-2023, 10:24 Думан Кенжеғазыұлы

Әуезов кентінде өткен Металлургтер күніне арналған мерекелік шараға  аудан әкімінің орынбасары Райым Нұрғалиев, кәсіпорын қызметкерлері мен еңбек ардагерлері қатысты.

Металлург – тау-кен өнеркәсібі саласындағы аса маңызды кәсіп. Бұл саланың аудан өнеркәсібінде де жетекші орынға ие екендігін атап өткен аудан әкімінің орынбасары «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұжымын, ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Бұл атаулы күні осы саланың үздік мамандарына ерекше құрмет көрсетілді.

Бірқатар қызметкерлерге  Құрмет грамоталары тапсырылды. Еселі еңбегімен ерекшеленген жұмысшылардың бір тобы  Алғыс хаттармен марапатталды.

Мереке құрметіне бәйге және көкпар, жастар арасында футбол жарысы өтті.

Арнайы балалар үшін мектеп стадионында аниматорлармен көңілді ойындар, ересектер үшін ашық алаңда караоке және батл биі ұйымдастырылды.

Кешкісін эстрада әншілерінің  қатысуымен концерттік бағдарлама өтіп, жиналғандар мерекелік отшашуды тамашалады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив