Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Абай облысының прокуратурасы 2023 жылдың І жартыжылдығының қорытындысын жасады

17-07-2023, 15:30 Еркежан Қуатқызы

Прокуратура қызметі заңдылықты қамтамасыз етуге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сондай-ақ қылмыспен күресуге бағытталған құқық қорғау жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Бүгін Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Абай облысының прокуроры Ерлан Масғұтұлы Абаевтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Брифингте Абай облысы прокуратурасының 2023 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы жасалынды. 

Ағымдағы жылы облыс прокуратурасы органдарының жұмысы Мемлекет басшысының, Бас прокурордың тапсырмаларын орындауға, өңірдегі тұрақты қоғамдық-саяси жағдайды қамтамасыз етуге және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталды. Әлеуметтік сипаттағы мәселелерге назар аударылды. Әлеуметтік-экономикалық салада 14 мың азаматтың құқығы қорғалды.

«Мемлекет басшысы алға қойған міндеттердің бірі - бизнесті қорғау. Ағымдағы жылы прокуратура органдары бақылаушы органдардың 7 заңсыз тексерулерінің күшін жойды. Тәртіптік жауапкершілікке 70 лауазымды тұлға, әкімшілік жауапкершілікке - 1 адам тартылды. Нәтижесінде 3 мыңнан астам кәсіпкердің құқықтары қорғалды», - деді Абай облысының прокуроры Ерлан Абаев.

Жеке кәсіпкерлерге қатысты 283 заңсыз салық бұйрығының күші жойылды. Облыс прокуратурасының базасында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша мобильді топтар құрылды.

«Біз бизнес субъектілерімен тығыз қарым-қатынас жасау және олардың құқықтарын қорғау үшін шаралар қабылдаймыз. Біздің актілеріміз бойынша 230 кәсіпкерге 190 млн теңге төленді. Бизнес субъектілерін қылмыстық қудалау орбитасына заңсыз тартудан қорғауға назар аударылады. Биыл прокурорлар кәсіпкерлерге қатысты үш қылмыстық істі тоқтатты», - деп жалғастырды облыс прокуроры.

Брифинг барысында  бюджет қаражатын жұмсау мәселелеріне де ерекше назар аударылды. 12,7 млрд теңгеге 55 конкурс тоқтатылды, 4,9 млрд теңгеге тағы 259 Мемлекеттік сатып алу шарттарын бұзу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мысалы, Жарма ауданындағы жолдарды жөндеуге арналған конкурс тоқтатылды. Онда «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Жөндеу жұмыстарын жоспарлаған жол учаскесіне 294 млн. теңге жұмсамақ болған. 

Жыл басында Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарының назарын синтетикалық есірткінің таралуына қарсы күреске аударды.

«Біздің бастамамыз бойынша жұмыс тобы құрылды. Жұртшылықты жұмысқа белсенді тартамыз, тұрғындар қылмыстар туралы вотсап пен жеделхатта құрылған сенім телефондарына хабарлайды. Қазірдің өзінде нәтижелер бар - бір хабарлама бойынша синтетиканы таратқаны үшін екі адам ұсталды. Барлығы 6 кг  есірткі, оның ішінде 1,5 кг синтетика тәркіленді», - деді облыс прокуроры Ерлан Абаев.

Сондай-ақ, брифинг барысында «Семей орманы» МОТР аумағында орман өрттерінен кейін жүргізілген тексеру жұмыстарының барысы айтылды.  Абай облысы прокурорының орынбасары Руслан Әлішевтың айтуынша, нақты жұмыстар ҚР Экология министрлігімен бірге жасалынып, жауапты тұлғалар жазаланды. 

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив