Cемей-10°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Ұлттық комиссия жанынан құрылған сараптамалық топ мүшелері Абай облысына жұмыс сапарымен келді

18-07-2023, 17:00 Еркежан Қуатқызы

ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия жанынан құрылған сараптамалық топ мүшелері Абай облысындағы мәслихат депутаттарымен кездесті. Іс-шараға Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Ляззат Сүлеймен, ұлттық комиссия мүшесі Риза Молдашева, сондай-ақ, қалалық, аудандық мәслихаттардың әйел депутаттары қатысты.

Жиын барысында ауыл әйелдерінің мәселелері, әйелдердің қоғамдық-саяси өмірдегі үлесі сұрақтары қаралды. 

«Қазіргі таңда билік жанданды. Елімізде әйел депутаттардың саны артып, мәртебесі көтерілуде. Дегенмен де, елімізде әйел депутаттардың талаптарына қолдау керек. Себебі, қоғамдық реттелу әйелдерге байланысты. Халықтың депутаттарға деген сенімін нығайту қажет», - деді Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Ляззат Жаңылысқызы.

Жиын барысында аталған сұрақтардан бөлек тәрбие мәселесі де көтерілді. 

«Абай елі ежелден Құнанбай, Абай, Шәкәрімді дүниеге әкелген ұлы аналардың ордасы. Осыдан бірер жыл бұрын басқа ұлттың тәрбиесіне таңсық көзбен қарайтын едік. Қазір тәрбиенің алшақтап кеткені көңіл қынжылтады. Тәрбиені шыңдау маңызды. Ұлттық тәрбие идеологиямызды айқындайды. Оның сұранысын арттыруға үлкен мән берілу қажет», - деді облыстық мәслихат депутаты Шағангүл Жанаева.

Түркістанда өткен Ұлттық Құрылтайда қаралған мәселенің 80% тәрбиеге арналды. Жастарды ұлттық негізге сүйенетіндей, бәсекеге қабілетті болатындай жағдай жасау маңызды. 

«Қазіргі таңда жастарды заманауи трендтерді сақтай отырып, рухани мәдениетімізден алшақтамайтындай тәрбиелеу керекпіз. Отбасылық тәрбиені нығайтуымыз қажет. Халықтың ниетін түзеуге әсер ететін негізгі күштің әйелдер екенін ұмытпауымыз керек», - деп атап өтті Ляззат Сүлеймен.

Жиын Абай облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелерімен кездесуімен жалғасты. Іс-шара барысында электрлі шылымға тыйым салу, лудомания, медресе жұмыстарын жандандыру мәселелері бойынша сұрақтар қарастырылды. Сондай-ақ, оңалту орталықтарын көбейту, жалғызбасты әкелердің жағдайын қадағалау қажет екені айтылды. 

«Облыс әкімі жанындағы комиссия барлық іс-шараларды өз бақылауына алу қажет. Сонда ғана жұмыс нәтижелі болмақ», - деді Ляззат Сүлеймен.

Іс-шара сұрақ-жауап, пікір алмасумен аяқталды.


Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив