Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Жамбыл облысында ірі көлемде синтетикалық есірткіні таратушылар ұсталды

19-07-2023, 10:49 018.kz

Жамбыл облысында ірі көлемде синтетикалық есірткіні Telegram арқылы таратушылар ұсталды.

Жамбыл облысының полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері синтетикалық есірткіні жеткізу арнасының жолын кесуде мақсатқа бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралар кешенін жүргізді. Есірткі сатушылардың әрекетін жою бойынша арнайы операция екі ай бойы жүргізілді.

Полицейлер синтетикалық есірткі заттарын сатуды, тыйым салынған заттарды жарнамалауды жүзеге асырған төрт адамды анықтады. Олардың бірі – 26 жастағы Тараз тұрғыны. Алматыдан Таразға есірткі жеткізу арнасын ұйымдастырған. Ал 22 жастағы азамат Telegram арнасында әкімші болған. Сондай-ақ есірткі саудасы желісіне (кепілгерлер, тасымалдаушылар және т.б.) персоналдарды жалдаумен айналысқан және Атырау, Астана және Алматы қалаларына “синтетика” өткізу арнасын ұйымдастырған.

Қылмыстық әрекетке 19 жастағы (мәселелерді күшпен шешу) және 23 жастағы тұрғындардың да (курьер) қатысы бар. Оларды Тараз қаласындағы ҚР ҰҰ “Бүркіт” арнайы мақсаттағы бөлініс және ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері құрықтады. Оқиға орнында Жамбыл облысының аумағында синтетикалық есірткілерді өткізу және таратуға қатысты хабарлама жазбалар жазылған телефондар тәркіленді.

Сондай-ақ, сараптама нәтижелеріне сәйкес, жалпы салмағы 608,17 грамм мефедрон тәркіленді. Тінту барысында 22 жастағы ұсталған азаматтан да 33,56 грамм мефедрон да табылды.

– Ұсталған азаматтар кінәсін мойындап, Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі (Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Бұл бап бойынша мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылады, – деді полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив