Жармада төтенше жағдайлардың алдын алу жөнінде комиссия отырысы өтті
Бүгін аудан әкімінің орынбасары Б. Самежанов төтенше жағдайлардың алдын алу жөнінде комиссия отырысын өткізді.
Күн тәртібінде қысқы мерзімде атқарылған жұмыстардың қорытындысы, жылыту маусымының қорытындысы бойынша тұрғын секторындағы өрт қауіпсіздігі туралы, елді мекендер мен аумақтарды табиғи өрттерден қорғауға дайындық туралы, қоғамдық ғимараттардың және тұрғын үйлердің шатырларын желдің салдарынан бұзылуын азайту бойынша шаралар қабылдау туралы, аудан аумағындағы өрт гидранттарының жай-күйі туралы, сейсмикалық қауіпсіздік туралы, су айдындарында суға шомылу маусымында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы ақпараттар тыңдалды.
Отырыс қорытындысы бойынша мәселелер толық қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.