Жарма ауданында өрт қауіпсіздігіне байланысты оқушыларға ашық есік күні ұйымдастырылды
Жарма ауданы ТЖБ-нің және Қалбатау ауылы №14 ӨСБ-нің қызметкерлерімен Жарма ауданының Маяковский атындағы орта мектебінің 8-сынып мектеп оқушыларының қатысуымен «Ашық есік күні» өткізілді.
Шараның басты мақсаты - төтенше жағдайларда мектеп оқушыларының қауіпсіз әрекет ету дағдысын дамыту және жетілдіру, алған білімдерін тәжірибе ретінде пайдалана білуге үйрету, өрт-техникалық қағидалары, жедел құтқару жарақтары мен құтқарушылардың қызметін жас ұрпаққа таныстыру және оларға кәсіби бағдар беру.
Оқушылар қатардағы өрт сөндірушілердің күн сайын өз өмірін қатерге тігіп, адамдар мен тұрғын үйлерді оттан, төтенше жағдайлардан құтқаратын жұмыстарымен танысуға мүмкіндік алды. Сондай-ақ лаулап тұрған өртті ауыздықтауға, қысқа уақыт ішінде ғимараттардың жоғарғы бөлігіне немесе шатырға шығуға, ең қауіпті аймақтардағы өрттен адамдарды алып шығуға, өрт сөндіру техникалары мен өрт сөндіруге қолданылатын құрал-жабдықтары да көрсетілді. Өрт сөндіру және электр құралдарын пайдалану ережелері түсіндірілді.
Оқушылар өрт сөндіру мамандарының шұғыл іс-әрекеттеріне қызығушылық танытты.