Cемей-8°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Жармалықтар Чернобыль апатының құрбандарын еске алды

26-04-2023, 15:39 Думан Кенжеғазыұлы

ХХ ғасырдағы ең ірі техногенді апат деп саналған Чернобыль атом электр станциясындағы жарылыс адамзат санасын сансыратып кетті. Осы бір апаттың радиоактивті түтінінің салдарынан, 100 мыңдай адам мерт болып, қатысқан жандардың 80 пайызының денсаулығы сыр берген.

Сол бір қасіретті кезеңде бауырлас халыққа көмек қолын созғандардың қатарында қазақстандықтар да аз болған жоқ.Мыңдаған отандастарымыздың ерлігі мен жігері болмаса, апаттың ауқымы одан да үлкен болуы ықтимал еді. 

Адамзат баласын радиацияның зиянды әсерінен қорғап, оның одан әрі тарауына тосқауыл болу үшін Жарма ауданынан 100-ден астам адам аттанды.

Бүгін осы бір қасіретті оқиғаның орын алғанына 37 жыл толуына орай, Қалбатау ауылындағы ескерткіш алдында еске алу шарасы ұйымдастырылып, қатысушылар ескерткішке гүл шоқтарын қойып, алған жарақаттары салдарынан дүниеден өткендерді бір минут үнсіздікпен еске алды. 

Жарма ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы М. Матанов  Чернобыль апатының бір елге ғана емес, көршілес бірнеше мемлекетке үлкен зардап әкелген, адамзат тарихындағы қайғылы оқиғалардың бірі болғандығына тоқталды. Апат құрбандарын, апат зардаптарын жоюға атсалысып, денсаулығына келген зақым салдарынан қайтыс болған азаматтарды еске алу — баршаға ортақ парыз.

Іс-шарада Семей қалалық Чернобыль мүгедектер ерікті қоғамының төрағасы Советқазы Бекенұлы Қайсанов сол жылдарда мыңдаған отандастырымыздың қауіп-қатерге қарсы тұрып, Отан алдындағы борыштарын адал атқарып, батылдық жасағандығын, олардың  ерліктері халық жадында  мәңгі  сақталуы қажет екенін атап өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив