Жармада «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында семинар өтті
Жарма ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында семинар өтті.
«Салауат» қоғамдық бірлестігінің директоры Айдын Қайырбекұлы округ әкімдерімен өткізілген шара барысында кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі екенін, еліміздің беделіне нұқсан келтіретін осы қауіпті құбылыспен күрес ортақ міндетіміз екенін атап өтті.
Жиын барысында катысушылар сауалдарын ортаға салып, ашық пікір алмасты.
Шара барысында семинарға қатысушыларға Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасын сақтаудың қажеттілігі, лауазымдық қызметін құқыққа қайшы пайдаланудың салдары, өзге тұлғалармен процессуалдық емес байланысқа жол бермеудің маңыздылығы түсіндірілді.