Cемей13°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар12°С
480.5 534.22 5.18

Аягөзде Санияз Көшекұлының 300 жылдығына орай республикалық конференция өтті

19-07-2023, 15:21 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін Аягөз ауданында XVIII ғасырдың соңғы жартысында ел басқарған  ақ тулы төре, айтулы сұлтан – Санияз Көшекұлының 300 жылдығына орай ұйымдастырылған республикалық конференция өтті.

Санияз Көшекұлы – Шығыс өңірі орта жүз руларының мызғымас тұтастығы қарым-қатынастарын нығайту істеріне елеулі еңбек еткен көрнекті тұлға. Қазіргі кезде Санияз есімі еліміздің шығыс өңірінде әсіресе Аягөз жерінде жұрт арасында аңыз болып айтылып, халық жадында сақталып келеді.

Конференцияға Аягөз ауданының әкімі С. Ысқақов, Санияз Сұлтанның ұрпақтары, тарих ғылымдарының докторлары, шежіре зерттеушілер, жазушылар қатысты.

Аталған жиынның негізгі мақсаты, тұтас ұлттық тарихымыздың бір парасы болған Санияз Сұлтан тарихына жете үңіліп, елдік тарихымыздағы Санияз еңбегін айшықтауға қадам жасау, ел қорғаған бабаларымыздың тарихи ерліктері мен еңбектерін насихаттап, жастарымыздың ұлттық рухын оятып, отаншылдық саналарын жетілдіріп, мемлекеттік идеология қалыптастыруға ат салысу.

Іс-шара 20 шілде күні Тарбағатай ауылында өтетін дүбірлі ас, айтыс, аламан бәйге, балуандар сайысымен жалғасын табатын болады. Еліміздің жан-жағынан жиналған Санияз сұлтан ұрпақтары Тарбағатай ауылына жолға аттанып, Санияз сұлтанның кесенесіне барып құран бағыштайды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив