Cемей27°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

Сырым Шәріпханов жергілікті тұрғындарды жылыту маусымына дейін пештер мен мұржаларды тазалауға шақырды

20-07-2023, 12:01 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысының тұрғындарымен кездесу барысында Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов жергілікті тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырды.

«Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, жергілікті тұрғындарды жылыту маусымына дейін пештер мен мұржаларды тазалауға шақырамын. Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдардың назарын қазандықтарды жылыту кезеңіне дайындау жөніндегі іс-шараларды аяқтау қажеттігіне аударамын», - деп Сырым Шәріпханов айтты.

ТЖ министрі атап өткендей, жылу беру кезеңінде министрліктің басты міндеті - тұрғын үй секторында өлім-жітімнің өсуіне жол бермеу. Жүргізілген профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде тұрғын үй секторында қаза тапқандар саны еліміз бойынша 6% - ға азайды. Абай облысында да олардың өсуіне жол берілмеді.

Сонымен қатар, Сырым Шәріпханов азаматтардың қаза болуының негізгі себептеріне жеке тоқталды. Бұл отты абайсыз пайдалану, мас күйінде төсекте темекі шегу, электр аспаптары мен пештерді, сондай-ақ газ баллондарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив