Cемей26°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
463.41 546.27 6.18

Абай облысында «Пробация үйі» әлеуметтік жобасы іске қосылды

26-07-2023, 14:22 018.kz

Прокуратураның бастамасымен Абай облысында «Пробация үйі» әлеуметтік жобасы іске қосылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – сотталғандарға әлеуметтік көмек көрсету, сондай-ақ әлеуметтік-құқықтық мәселелер бойынша консультациялар беру.

2023 жылы 21 шілдеде Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде кезекті іс-шара өткізілді, онда пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларға көмек көрсету үшін прокуратура, қылмыстық-атқару жүйесі, әділет, жұмыспен қамту, денсаулық сақтау және білім беру органдарының өкілдері қатысты.

Сол күні өз мәселелерімен 15 сотталған жүгінді.

Сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және өзге де көмек алу, жұмысқа орналасу тәртібі түсіндірілді, сонымен қатар бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу тәртібін сақтау және қайталама қылмыстарға жол бермеу туралы сұхбат жүргізілді.

Абай облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив