Cемей-8°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Ұлтаралық алауыздықты қоздырғаны үшін жауапкершілік көзделген

27-07-2023, 16:49 018.kz

Ұлтаралық алауыздықты қоздырғаны үшін және әлеуметтік желілерде арандатушылық пікірлер айтқаны үшін бас бостандығынан айырудың нақты мерзімін алуға болады. 

Заңнамаға сәйкес әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыруға, азаматтардың ұлттық ар-намысы мен қадір-қасиетін не діни сезімдерін қорлауға бағытталған іс-әрекеттер үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 174-бабы бойынша 2 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге, ал ауыр зардаптарға келтірілген жағдайда - 12 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде қылмыстық жауаптылық көзделген. 

Бұл құқық бұзушылық экстремистік қылмыстардың қатарына жатады. 

Мұндай адамдар әрекетімен өкінуіне, жәбірленушімен татуласуына, жасалған қылмыстың немесе айыптау үкімінің ескіру мерзімі аяқталуына байланысты рақымшылық жасау актісі бойынша қылмыстық жауапкершіліктен және жазадан босатылмайтынын атап өту қажет. 

Оларға шартты түрде соттау, шартты түрде мерзімінен бұрын босату, жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыру не жазаны өтеуді кейінге қалдыру қолданылмайды.

Осыған байланысты азаматтарды арандатушылыққа бой алдырмауға, ұлттық және әлеуметтік араздықты қоздыруға бағытталған пікірлерден бас тартуға шақырамыз.

Абай облысының прокуратурасы

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив