Cемей26°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

Абай облысында жұмыссыздыққа қарсы ауқымды жобалар жүзеге асып жатыр

28-07-2023, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

Жұмыссыздықты азайту үшін облыс әкімдігі тұрақты жұмыс орындарын ашу бағытында ауқымды жұмыс жүргізіп жатыр. 2023 жылы облыс көлемінде 25 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған.

Биыл бірінші тоқсаннның қорытындысына сәйкес Абай облысында жұмыссыздық деңгейі 4,8%-ды құрады. Азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін еңбек делдалдығы, кәсіптік оқыту, сондай-ақ жұмыс күшін арттыру үшін ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу ұсынылады.

Бұдан бөлек бірқатар әкімшілік: тұрақты бос жұмыс орны немесе уақытша субсидияланатын жұмыс орындары атты бастамалар қарастырылған. Егерде азаматтар қажетті біліктіліктің жоқтығынан немесе мамандығына сәйкес жұмыс таба алмаса, ол кәсіптік оқуға жіберіледі.

Субсидияланатын жұмыс орындары 6 түрге бөлінеді. Оның ішінде азаматтардың барлық санаттары үшін қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындары, жас мамандар үшін: жастар практикасы, «бірінші жұмыс орны» және «ұрпақтар келісімшарты», 50 жастан асқан азаматтар үшін «Күміс жас» жобасы көзделген.

Биыл облыста 24 926 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланса, оның 13 303 жұмыс орны ашылды.

Сондай-ақ 35 жасқа дейінгі жастарға немесе жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлерге өтеусіз гранттар және шағын несиелер беру қарастырылған.

Әлеуметтік Кодекске сәйкес 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қалалар мен аудандардың халықты жұмыспен қамту орталықтары Мансап орталықтарына ауыстырылды. Олардың негізгі міндеттері: жұмыссыздарды тіркеу, оларға жұмыс іздеуде және мансапты жобалауда көмек көрсету, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұсыну, халықты өңірлік еңбек нарығының жай-күйі туралы хабардар ету болып табылады.

Сонымен қатар, облыста «Еңбек мобильдігі орталығы» КММ құрылды. Оның міндеті мансап орталықтарының жұмысын үйлестіру, өңірлердің деңгейінде халықты жұмыспен қамту және ішкі көші-қон мәселелерін реттеу.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив